Эко Энергетикалық Зауыт

Құрамында көміртегі бар барлық қалдықтарды 100%-ға жағусыз және қоршаған ортаға зиянсыз қайта өңдейді!

IRR:33%
Табыстылық
Тизерді оқу
CPC Holding
туралы 2 минуттық
бейнеролик

Қалды: 27,000 акция

мин: 1000 акция
макс: 100 000 акция

Жоба «Big 4» Deloitte халықаралық компаниясының қатысуымен әзірленді. Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

www2.deloitte.com

Жоба
туралы

"Clean Planet Corporation" PLC (бұдан әрі – "CPC Holding") Қазақстан Республикасы, Тараз қаласындағы «ТАРАЗ индустриалды аймағы» аумағында «Қалдықтарды өңдейтін Эко Энергетикалық Зауыт» пилоттық инновациялық жоба құрылысын салуды жоспарлап отыр.
Жылдық өңдеу көлемі жылына 100 000 тоннаға дейін ТҚҚ құрайды. Зауыттың іске қосылуы 2025 жылдың 2 тоқсанына, ал жобалық қуатына 2025 жылдың 4 тоқсанына жетуі жоспарланған.

Жобаның операторы – CPC Holding-тің 100% еншілес кәсіпорны "Eco Energy Plant" ЖШС.
Нысан құрылысына "ТАРАЗ" индустриалды аймағы" аумағынан 20 жыл мерзімге, 2043 жылға дейін 10,5 гектар жер телімі бөлінді. Сондай-ақ Тараз қаласының әкімдігімен, өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін 15 жыл мерзімге ТҚҚ-мен қамтамасыз ету және жеткізу жөнінде келісім-шарт жасалды.

ТАРАЗ – Қазақстанның оңтүстігіндегі дамып келе жатқан қала, оның халқы жылына 100 000 тоннадан астам ТҚҚ «шығарады» және оның белсенді өсуі зауыттың қуаттарын толық толтыру үшін жеткілікті қатты қалдықтармен қамтамасыз етеді. Жоба Жамбыл облысы мен Тараз қаласы басшылығының жан-жақты қолдауымен жүзеге асырылуда.

100%

Қайта өңдеу

Қалдықтарды қайта өңдеу – бұл газдандыру процесі, оның барысында құрамында көміртегі бар органикалық материалдардың 80%-ы: пластмасса, резеңке, мата, қағаз, былғары, сүйек, тамақ қалдықтары және т.б. көміртегі тотығы, сутегі және көмірқышқыл газына айналады. Бұған материалды салыстырмалы жоғары температурада (>700°C) бақыланатын бу мөлшерімен жанусыз әрекеттесу арқылы қол жеткізіледі.
Алынған газ қоспасы синтездік газ деп аталады, оның өзі отын болып табылады. Қалған 20%-ы құрамында 50%-дан астам таза көміртегі бар кокс қалдығы. Тазалығы бойынша тазартылған синтез газды табиғи газбен салыстыруға болады, бұл оны электр және жылу энергиясын өндіру үшін газ поршеньдік қондырғыларда (шағын ЖЭО) жағуға мүмкіндік береді.

Өндіріс

Жылына 75 000 тонна көміртекті қалдықтарды өңдегенде 40 000 000 м3 синтез газы және 14 000 тонна кокс аламыз. Синтез газының негізгі бөлігі газбен жұмыс істейтін электр станцияларында 13 МВт/сағ электр энергиясын өндіруге жұмсалады және жалпы электр желілеріне беріледі.
Синтез газы мен электр энергиясының бір бөлігі құрылыс пен өнеркәсіпте жылу, дыбыс және гидрооқшаулағыш материалдар ретінде қолданылатын 12 000 текше метр көбік шыны түйіршіктерін өндіруге жұмсалады.
Кокстан жылына 9000 тоннаға дейін таза көміртек алынады, резеңке бұйымдарды өндіруде қатайтқыш және бояғыш ретінде немесе отын элементі ретінде пайдаланылады. Күл және инерттік қалдықтар жолдарды толтыру кезінде және бетон бұйымдарын өндіруде толтырғыш ретінде пайдаланылады.

Өртеу және Көму Мәселелер.

Қалдықтарды, әсіресе пластмассаларды қайта өңдеу үшін оларды жоғары дәлдікпен сұрыптау керек. Көптеген елдердің мұндай сұрыптау қондырғыларын олардың құны жоғары және рентабельді еместігіне байланысты сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Сондықтан қоқыс мәселелерін шешу үшін терең сұрыптау кеңінен қолданылмайды. Ал, шын мәнінде, әлем елдерінің 90%-дан астамы кәдеге жаратудың екінші әдісін – полигондарда «көмуді» қолданады.

Қалдықтарды Жағу Зауыттарының (ҚЖЗ) проблемалары, шығатын түтін газдарын тазалау шығындарының құны жоғары болуында. Экологиялық талаптар үнемі өсуде және оларды қанағаттандыру барған сайын қиын және қымбат болып келеді. Көбінде мұндай жобалар энергиясы қымбат дамыған елдерде: Швецияда, Германияда, Францияда, Жапонияда және т.б. елдерінде соғылады.

Бұл елдерде қалдықтарды терең сұрыптау да жолға қойылған. 50-60%-ы қайта өңделеді, 40-50%-ы электр және жылу энергиясын өндіру үшін жағылады. Сондай-ақ, бұндай зауыттар 1 миллионнан астам тұрғыны бар қалаларда соғылады, бұл мұндай жобалар нарығын тарылтады.

Біздің технология

Газдандыру технологиясының негізгі сипаттамалары

  • Экологиялық тазалық – тазартылған синтез-газы 2010/75/EU Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің «Өндірістік шығарындылар туралы» директивасымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді, бұл өндірістің барынша экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді.
  • Тиімділік – автоматтандырылған технология сағатына 2 тоннадан 12 тоннаға дейін келетін қоқысты 8000 сағат бойы үздіксіз қабылдауға және өңдеуге қабілетті.
  • Масштабтылық – технологияның модульділігі оларды 50 000 тұрғыны бар аудан орталықтарынан бастап, миллионнан астам тұрғыны бар ірі қалаларға дейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«ТАРАЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ

Газдандыру Реакторының сипаттамалары

  • Реактор қуаты: 12500; 25000; 50000; 75000 т/ж
  • Жұмыс тәртібі: 8000 сағ/ж
  • Температура диапазоны: 400 - 1400C
  • Бақылау: Қашықтан
  • Жұмыс қысымы: Атмосфералық
  • Экологиялық тазалық: Евро-6
  • Германияда жасалған

Қосымша ақпарат:

ТҚҚ-ын сынақтық
өңдеу нәтижесі
Құжаттама

Инвестициялық ұсыныс

CPI Holding - компанияның қарапайым акцияларын жабық сатуды жоспарлап отыр. Инвестиция мақсаты: «Экоэнергетикалық зауыттың егжей-тегжейлі жобалау және жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ)» дайындау. Зауыт құрылысын қаржыландырудың негізгі бөлігін АХҚО/KASE биржаларында ішінара қамтамасыз етумен «жасыл облигациялар» шығару, сондай-ақ (ЕАДБ) Еуразиялық даму банкінен ұзақ мерзімді «жасыл» несие нысаны есебінен тарту жоспарлануда. Жобаның құны 22,5 млрд теңге немесе 47 000 000 АҚШ долларын құрайды.

CPI Holding акциялары

100% Қарапайым
Қарапайым акциялардың жалпы саны: 10 000 000 акция. Номиналды бағасы $0,50.

Ұсыныс

1% Қарапайым
Сатылымға 100 000 акция бөлінеді, құны бір акция үшін $0,50.
Бизнес моделі CPI Holding компаниясының
даму стратегиясын қараңыз

Қалды: 27,000 акция

мин: 1000 акция
макс: 100 000 акция

Жол картасы

4Q/2022
"IZ TARAZ" қатысуға өтінім беру
Технико-экономикалық негіздемені әзірлеу
1Q/2023
Келісімшарттарды жасау
Жер телімін тіркеу
2Q/2023
Техникалық шарттарды алу
Жобалау үшін техникалық шарттарды әзірлеу
3Q/2023
CPC Holding акцияларын сату
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу
1Q/2024
Жобаны қаржыландыру
Құрылыстың басталуы
2Q/2025
Зауытты іске қосу
Жобаны масштабтау

Құжаттар

Құқықтық құжаттар

Құжатты оқу

Келісімдер

Құжатты оқу

Бизнес жоспарлар

Құжатты оқу

Зияттық меншік

Құжатты оқу

Біздің команда

Асхат Қасымов
Жобаның бас жетекшісі
ЕЕР Директоры
Ержан Джанабеков
Технолог
Пауль Биллер
IT - қолдау
Абай Бекбай

Серіктестер